Энергетика

Қызмет көрсету сапасы жақсаруда

Мағауия Сағандықов – «Севказэнергосбыт» ЖШС директорының міндетін атқарушы:

– Біздер осы шара арқылы тұтынушыларға қаржының қайда жұмсалып жатқандығын көрсеткіміз келеді. Барынша ашық болуға тырысып жатырмыз. Біздер жаңа қондырғылар, компьютерлер алдық. Жыл соңына дейін тағы бір қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Біздер байланыс орталығының қызметін кеңейттік. Енді тұрғындар түбіртек алғанда оларға қоқыс төгу пен судың құны бір қағазға жазылады. Келешекте оған тағы газ қызметін қосу көзделуде.

Сондай-ақ, кәсіпорында жеке кабинет қызметі жұмыс істейді. Кездесуде жүйенің мүмкіндіктері жайлы айтылды. Оның арқасында тұрғындар енді орталықтарға бармай-ақ, үйінде отырып есептеу құрылғыларының көрсеткіштерін бере алады. Ал, егер сұрақтар туындап жатса, онда байланыс орталығына хабарласуға болдады. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Бір айда мамандар 27 мыңға жуық қоңырау қабылдайды екен. Мұнда негізі 5 оператор отырады.

Оксана Дьяченко – «Севказэнергосбыт» ЖШС байланыс орталығының басшысы:

– Биыл біздер дыбыстық хабарлама қызметін қостық. Оның көмегімен тұтынушылар мазалаған сауалдары мен көрсеткіштерді дыбыстап жібере алады. Хабарламаны операторлар қабылдап, сұрақ болса бір-екі күнің ішінде жуабын береді.

Жалпы “Севказэнергосбыт” кәсіпорны 85 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

 

 

Магжан Ахмадина