Қоғам

Петропавлда “Тіл – тұнық ойдың кәусары” атты байқаудың облыстық кезеңі өтті

Гаухар Түйебаева, олимпиадаға қатысушы, Петропавл қаласы:


– Мен үш тілді мектепте меңгере бастадым. Кейін жоғарғы оқу орнында ағылшын тілін тереңірек оқыдым. Үш тілді білу өз сауаттылығым үшін қажет.

Гаухардан бөлек сайыста тағы 11 полиглот бақ сынауда. Олар – аудандық кезеңдердің жеңімпаздары. Олимпиада, әдеттегідей, үш кезеңнен тұрды. Тапсырмалар оңай емес. Алғашқыда қатысушылар мемлекеттік тілде берілген тақырыптың мазмұнын ашуы тиіс. Кейін жарты сағат ішінде ағылшын тілінде эссе жазады, ал үшінші кезеңде мәтінге синхронды аударма жасайды. Үш кезеңнен мүдірмей өткен сайыскерлердің ең үздігі шешуші кезеңде анықталады.

Үш тілді меңгеру деңгейі, жазу мен сөйлеу тазалығы және берілген жауаптың мазмұндылығы. Сайыскерлердің білімін қазылар алқасы осы талаптар
бойынша бағалайды.

Әсем Сүлейменова, СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім меңгерушісі:


– Тақырыптар алдын ала берілмеді. Олимпиада барысында “Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі”, “EXPO-2017 көрмесі”, “Патриотизм” секілді тақырыптар ұсынылды.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғаны республикалық байқауға жолдама алады.

 

Саят Ермек