Бизнес және экономика

Петропавлда “Бизнес-бастау” кәсіпкерлік мектебінің өкілдігі ашылды

Бұдан кейін, қымыз өндірісі мен жиһаз жасауды да қолға алыпты. Ал, екі жыл бұрын өз ісімен айналысамын деушілерге арналған “Бизнес бастау” кәсіпкерлік мектебін ашты. Қазір ұйымның өкілдіктері Қазақстанның түкпір-түкпірінде жұмыс істейді. Ал, бүгіннен бастап теріскейліктерге де осы саланың қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік туып тұр.

Ахметбек Нұрсила – “Бизнес бастау” кәсіпкерлік мектебінің жетекшісі, Алматы қаласы:


– Біз бизнестің 3 саласы бойынша жұмыс істейміз. Ол – қызмет көрсету, сауда-саттық пен шағын және орта өндіріс ошақтары.

Жалпы, Қазақстан бойынша қазақ тілінде өтетін шеберлік сабақтар кемде-кем. Сондықтан болар, бүгінгі тренингке келгендердің қарасы қалың. Жиналған аудитория бизнесменді ұйып тыңдап, көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.

Мейрімгүл Бірлік – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:


– Мен осындай шеберлік сабағының болатынын естіп келдім. Себебі, болашақта өзімнің сұлулық салонымды ашқым келеді.

Өз кәсібін ашамын деушілерден бөлек, мұнда ісін дөңгелеткендер де бар. Жеке кәсіпкер Асыл Айжастың сөзінше, осындай тренингтерден көп мағлұмат алуға болады.

Асыл Айжас – жеке кәсіпкер:


– Мен өзімнің кәсібімді 3 жыл бұрын аштым. Электрондық тауарларды жеткізумен айналысамын.

“Бизнес-бастау” кәсіпкерлік мектебі болашақ іскерлер үшін “Алпыс күн аламан” атты сабағын ұсынады.

 

Эльмира Садвокасова