МТРА жаңалықтары

Петропавлда облыстық өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат жалауын желбіретті

Биылғы дүбірлі дода қалалық №5 өрт сөндіру бөлімінің командирі Алтынбек Абдрахмановтың құрметіне өткізілуде. Еске сала кетсек, марқұм 2015 жылғы желтоқсанның 31-і күні тілсіз жауды ауыздықтау кезінде қаза болды. Қызыл жалын – Береке шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде орын алған болатын.

Орал Абдрахманов – Алтынбек Абдрахмановтың әкесі:

– Құрметті, жарысқа қатысушылар сіздерге сәттілік тілеймін. Ойлаған мақсаттарыңызға жетіңіздер.

Дәл қазір жарыс қатысушылары жаттығу мұнарасының 4-ші қабатына сатымен көтерілу сайысына қызу дайындық үстінде. Олардың барлығыда жеңістен дәмелі.

Еркеболат Мұқанов – жарысқа қатысушы, Есіл ауданы:

– Есіл ауданының атынан келіп отырмыз. Командамыздың құрамында 5 адам бар. Жеңіске жетеміз деп ойламын.

Жалпы өрт сөндіру қызметінің 100-ден астам маманы аталмыш чемпионатта 3 спорт түрінен бақтарын сынайды. Қатысушылар ең алдымен жаттығу мұнарасының 4-ші қабатына сатымен көтерілуден мықтыны анықтайды. Бұл сын – шыдамдылық пен жылдамдықты қажет етеді.

Одан соң құтқарушылар 100 метрге орнатылған кедергілерді еңсеру мен “жауынгерлік қанат жаю”-дан жарысады.

Николай Белоусов – СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ
бастығының міндетін атқарушы:


– Облыстық өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыс бізде жыл сайынғы дәстүрге айналып отыр. Биыл мұнда 18 құрама өзара мықтыны анықтамақ. Аталған чемпионат түрі құтқарушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға септігін тигізеді.

Айта кетсек,2 күнге жалғасатын дүбірлі дода нәтижесі бойынша жүзден жүйрік атанғандарға грамота, медаль, кубок және бағалы сыйлықтар табыс етілмек.

 

 

Тогжан Акмагамбетова