Білім

Өңірде “Азаматтық бақылау” жобасы жүзеге асуда

Қос дипломы бар. Бірақ, екеуі армандаған мамандық иесі атануға мүмкіншілік бермейді. Өйткені, орта арнайы білімі – технолог, ал жоғарғы білімі – педагогика.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:


–  Сіздің қарастырып отырған мамандығыңыз мына дипломдарға сай келмейді. Сізге СҚМУ жанындағы курсқа барып, білім алуға болады.

Жалпы, “Азаматтық бақылау” жобасы осы жылдың маусым айынан жұмыс істеуде. Яғни, тұрғындарды толғандырған мәселені шешуге септесетін кеңес орталығы Петропавл қаласында ғана емес, аудандарда да іске қосылған. Осы уақытқа дейін 200-дей солтүстікқазақстандық мамандардың көмегіне жүгініпті. Бүгін кеңес орталығы ұйымдастырған қабылдау шарасына 6 азамат жазылған.

Ерген Әлібаев – қала тұрғыны:


–  Мен аз қамтылған отбасыларға мектеп тарапынан көрсетілетін көмек жайында сұрайын дегенмін. Мүмкін, тегін тамақ не болмаса мектепке арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ете ме?

Облыстық білім басқармасының жетекшісі бұдан бөлек, көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға жазғы лагерьлерге тегін жолдама берілетіні жөнінде де айтты. Бұл үшін мектеп басшылығына қажетті құжаттарды табыстау қажет. “Азаматтық бақылауға” келе алмаған жұмысбасты адамдар қоңырау шалып, өз сұрақтарын қойды. Ал, келесі аптада кеңес орталығында азаматтардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев жауап береді.

 

Эльмира Сәдуақасова