МТРА жаңалықтары

Петропавлдық өрт сөндірушілер кешенді оқу-жаттығу жиындарын өткізді

Ербол Қуанышев – Петропавл қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:


– Бүгін біз кезекті рет Оңтүстік Орал теміржолының Петропавл бөлімшесімен бірлесіп, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жоспар бойынша жалпы өрттің аумағы 114 шаршы метрді құрайды
.

Ал, оқиға орнына 15 минуттан соң өрт сөндіру поезы да келіп жетті. Мамандар тілсіз жауды тізгіндеуге көбікті пайдалануда.

Осылайша, құтқарушылар өртті 30 минуттың ішінде-ақ сөндірді. Жоспар ойдағыдай орындалды.

Михаил Пуртов – “РТЖ” ААҚ Петропавл филиалы темір жол көлігі бөлімшесі өрт сөндіру командасының аға инструкторы:


– Өрт сөндіру поезы қазіргі заман талабына сай түрлі құрал-жабдықтармен жарақталған. Мұнда өте ауқымды көлемде арнайы көбік қоры және кез келген мұнай өнімі құйылып кеткенде оны тартып алатын сорғы бар.

Айта кетсек, апаттық жағдайларды жоюға арналған оқу-жаттығу жұмыстарына 50-ге жуық маман мен 9 бірлік техника жұмылдырылып отыр.

Тоғжан Ақмағамбетова