Билік

Заңбұзушылықтардың болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын күшейту керек

Бұдан соң, жиында Уәлиханов ауданындағы заңбұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды. Биыл мұнда кісі өлтіру, қарақшылық шабуыл, бұзақылық, зорлау, бопсалаушылық және жасөспірімдермен жасалатын қылмыстар тіркелмеген. Есесіне, өзгенің көлігін айдап кету, алаяқтық, ұялы телефондар мен мал ұрлығы көбейген.

Медет Оспанов – Уәлиханов ауданыың әкімі:


–  Олардың алдын алу мақсатында, біздер «Дрон» ұшқышсыз құрылғысын алдық. Қондырғы мұндай жағдайларда үлкен көмек болады деп үміттенеміз. Бейнекамераларды да көбейту ойда бар. Тағы біздегі учаскелік инспекторларда автокөліктер жетіспейді. Соны алдағы уақытта қарастыру керек.

Бұдан соң, Айыртау ауданыдағы қылмыстардың алдын алу шаралары сөз болды. Мұнда да шаруа жасалып-ақ жатыр. Бірақ соған кеңес мүшелері қарқын қосу керектігін айтты.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


–  Жұмыс әлі тиісті деңгейде жүргізілмей жатыр. Алдын алу шараларын күшейте түсу маңызды. Мемлекеттік – құқықтық бөлім барлық шаруаны саралап, бақылауды күшейтсін.

Жиында аймақ басшысы аудандарда азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыс жасауды тапсырды.

 

Магжан Ахмадина