Қоғам

“Жас Отан” Жастар қанатының IV сьезіне өңір атынан 40 делегат қатысады

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ төрағасы:


–  Жыл басынан бері 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырдық. Ұлттық ойындар мен шағын футболдан жарыс өткізілді. Тазалық жұмыстары кезінде жастар 5 тонна қоқыс жинады. “Ардагерлерді ардақтайық” акциясы аясында 50-ге жуық қартқа көмек көрсеттік. Тиісті жұмыс облыс аудандарында да жүргізілді.

Келесі сұрақ Елбасының “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” атты мақаласына қатысты болды. Президенттің бағдарламасын Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң мұғалiмi Бақытжан Тұрсынов мұқият оқыпты. Азамат Елбасының халқына жолдаған сөздері өте орынды. Мақалада жазылған жобалар тұрғындарды, әсіресе жастарды тың идеяларға жетелейді дейді.

Бақытжан Тұрсынов – “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ мүшесі:


–  Жастардың бойында тың идеялар жетерлік. Солардың жүзеге асыруға көмек көрсету қажет.

Сонымен, республикалық “Жас Отан” Жастар қанатының IV сьезіне қатысатын өңір делегаттарын сайлауға да кезек келді. Ауқымды шараға ат салысуға 80-нен аса теріскейлік өтініш беріпті. Олардың арасында өңір аудандарының ұл-қыздары да бар. Іріктеу кезінде жиынға аққайыңдар өлкесінен 40 белсенді жан баратын болды. Таңдалғандардың бірі – Ерсұлтан Уаис.

Ерсұлтан Уаис – “Жас Отан” ЖҚ IV сьезінің делегаты, Айыртау ауданы:

 


–  Мен сьезге қатысушы делегаттардың бірі болып сайланғаныма қуаныштымын. Елбасымен өтетін кездесуді асыға күтемін.

Есептік-сайлау конференциясы соңында іріктелген 40 делегатқа “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов сәттілік тіледі. Айта кетейік, “Жас Отан” жастар қанатының IV сьезі қараша айының соңында Елбасының қатысуымен Астана қаласында өтеді.

Байболат Бектемірұлы