Билік

Өңірде сыбайлас жемқорлық фактілері азаяр емес

Алайда, баяндамаға аймақ басшысының көңілі толмады. Өңір жетекшісі талондардың жетіспеуі мен дәрігерлердің аздығын сынға алды. Маман тапшылығынан ауруханаларда адам кезегі азаймай тұр. Сондықтан, осы мәселелерді шешпей жемқорлық фактісінің жоқтығына қуануға ерте деді, – Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

–  Тұрғындардың өтініші бойынша 3-4 емхананы араладым. Жағдайды көрдім. Адамдар кезекте тұр. Араларында сағаттап дәрігерге кіре алмағандар бар. Қабылдауға жазылғандардың өзі уақытында маманға жүгіне алмайды. Олар белгіленген уақытта дәрігердің басқа бір адамды қарайтындығын айтады. Осы ретте жемқорлық орын алуы мүмкін. Мұны бақылау керек.

Владимир Безлер ұзын-сонар кезек пен дәрі жеткізу мәселесін шешуге уәде берді. Келесі кезек – ауыл шаруашылығына келді. Бұл салада бармақ басты, көз қыстылық фактісі орын алған. Үстіміздегі жылы өңір шаруаларын қаржыландыруға облыстық басқармадан 46 млрд теңге бөлініпті.
Ауылшаруашылығы саласында ірі жемқорлық фактісі болмаған. Бірақ,
қосымша субсидия беріп, ірі қара мал санын артық көрсету сынды құқықбұзушылық орын алған. Аталған істер биыл әдеп жөніндегі кеңесте қарастырылған.

Қайрат Омаров – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Заңбұзушылық ауыл шаруашылығын кооперативін құру кезінде орын алған. Есіл, Ақжар аудандарында мал санын артырып көрсетіпті. Осылайша жоқ малға субсидия алған. Бір малға 18 мыңнан төленген болатын. Жемқорлық жасаған жандардың барлығы жауапқа тартылды.

Селекторлық жиын барысында Жамбыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Нұркенов баяндама жасады. Ол сыбайлас жемқорлық мәселесіне тоқталды. Аталған ауданда биыл 23 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 70-і ғаламтор арқылы. Шағымдар түспеген, өтініш пен пара беру және алу фактілері тіркелген жоқ деседі. Алайда, іс жүзінде олай болмай шықты.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

 

–  Біз қоғамдық бақылаудың тиімді екендігін ылғи айтамыз. Сіздердің қатарларыңызда ардегерлер тағы да басқа сөзі өтімді адамдар болуы тиіс. Құрамдарыңызда депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер ғана. Бұлай жемқорлық фактісі анықталмайды. Қатарларыңызды жаңартыңыздар.

Жиын соңында Ғ.Мүсірепов ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талгат Әбілпейісов баяндама жасады. Соңғы екі жыл ішінде бұл ауданда бір жемқорлық фактісі орын алған. Дегенмен, Құмар Ақсақалов қос ауданда бармақ басты, көз қыстылыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмысқа көңілі толмайтындығын айтты.

Байболат Бектемірұлы