Қоғам

Облыстық сотта пленарлық отырыс өтті

Дәурен Қайратұлы облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы. Еңбек өтілі 15 жыл. Енді ол өзі жұмыс істейтін орында төраға қызметін атқаруға ниетті.

Дәурен Қайратұлы – СҚО кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:


–  Мен Елбасы жарлығымен 2012-ші жылы облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып тағайындалдым. Әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істерді қараймын. Әзірге өзім жұмыс істеп жатқан жерде төрағаның міндетін атқарып отырмын. Бұл қызметті өзім жақсы білемін. Сол себепті төраға атанғым келіп отыр.

Бүгінгі отырысқа қатысушылар Дәурен Қайратұлына бір ауыздан оң бағаларын берді. Жалпы қазіргі таңда өңірде 12 бос орын бар.

Ерлан Айтжанов – СҚО сотының төрағасы:


–  Бүгінгі кандидаттарға біз әділ баға беру керекпіз. Үміткерлердің барлығы білікті мамандар. Менің ойымша олар дәмеленіп отырған қызметтерге лайықты.

Жалпы пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша 17 үміткердің барлығына оң баға берілді. Енді олардың кандидатурасы Жоғары сотта қаралады. Ал ең ақырғы шешімді мемлекет басшысы жасайды.

 

Риат Шони