Билік

Облыс әкімі жұмыс сапарымен М.Жұмабаев ауданына барды

Бауыржан Жайлаубаев – «Жібек жолы оперейтинг» даярлау орталығының директоры, М.Жұмабаев ауданы :


–  Қазір елден 100 тоннадай алып, оңтүстікке жібердік. Жұмыстар жасалып жатыр. Биыл жоспар бойынша 1500-2000 мың тоннаға жеткізбекпіз. О жақтағы өнімдерід осы жаққа жеткізу. Келесі жылы әкімшілік берген 3 гектар жерге 10 мың тоннаға шақталған қойма салуды жоспарлап отырмыз.

Өнім тұрғындардан 35-40 теңгеге қабылданып жатыр. Орталықтың жұмысымен танысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов бастаманың жақсы екендігін айтты.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


–  Әрбір аудан орталығында осындай жерлер болу керек. Халық артық қалған картоп, пияз, сәбізін сатады. Ресейге, Оңтүсіке сатасыздар.

Сөйтіп, артық қалған өнімді тұрғындар босқа қоқысқа тастағанша, одан пайда табатын болады.

Қайрат Омаров – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Осындай даярлау орталықтары табыс салығынан босатылады. Тағы аудан орталықтарында ашылған осындай мекемелердің қосымша құн салығына кеткен шығындарын қайтарамыз. Кейін олар өз тауарларын ел нарығында сауадаға шығарады.

Ал, кейін өңір жетекшісі Авангард селолық округіндегі Полтавка ауылына аялдады. Мұнда бірден елді мекеннің сыйқы кеткендігін көруге болады. Тұрғындармен өткен кездесу барысындада ең алдымен осы туралы әңгіме өрбіді. Жағдайды селолық округ әкімі Ермек Кенжебболатов баяндады.

Ермек Кенжеболатов – Авангард селолық округінің әкімі:


–  Селолық округ құрамына Полтавка және Хлеборобное ауылдары кіреді. Жалпы халық саны – 821 адам. Ауылдан 127 тұрғын көшіп кетті. Оның себебі, жастар жоғарғы оқу орындарын бітіргеннен кейін мұнда жұмыс істегісі келмейді. Мектепте де бала саны азайды.

Мұндағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Авангард СҚО». Бірақ, серіктестіктің аты затына сай болмай шықты. Мұндағылар алдыңғы қатарда болудың орнына, керісінше күллі ауылды артқа тартуда. Елді мекенді аббаттандыру шараларын жүргізбейді, еңбеккерлеріне төлеп жатқан жалақылары да төмен. Кәсіпорын басшысы баяндамасында орташа жалақы – 67 мың теңге десе, селолық округ әкімі – 63 мың теңге дейді. Ал, серіктестік есепшісі салық басқармасына тапсырған есебінде мүлде 57 мың теңге деп көрсеткен. Сонда қайсысысының айтқаны рас? Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік жауапкершілігі жоқ кәсіпорын. Жинап жатқан өнімдері де мардымсыз. Гектарынан 12,5 центнер өнім алуда. Өйткені, тиісті жұмыс жүргізілмеген.

Асқар Бегманов – М.Жұмабаев ауданың әкімі:

– Кәсіпорын басшысына екі жылдан бері жұмыс істеу стратегиясы жайлы айтып келеміз. Өйткені, осы уақытқа дейін алған өнімдері гектарына 13 центнерден асқан емес. Әртараптандыру жұмыстары жасалмайды. Техника алынбаған. Тағы минералды тыңайтқыштарды сепкен жоқ. 2011 жылдан бері шаруашылық мал басын арттыру бағдарламасына қатысқан жоқ.

Яғни, «алма піс, аузыма түс» деп жатқандардың бірі осылар. Әйтеуір, ексе болды. Ал, ол бітік шыға ма, жоқ па бәрібір.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


–  Ауыл шаруашылығын дамыту үшін жыл сайын мемлекет қыруар қаржы бөледі. Биыл «Авангард СҚО» серіктестігіне 38 млн теңгеден астам субсидия беріліпті. Ал, олар мемлекетке тек 12 млн теңге салық түсірген. Бұл үш есеге аз. Әр істің қайтарымы болуы керек. Егер қолдау болып жатса, тиісінше жұмыс істелуі керек. Жер – мемлекеттікі. Егінің шығымдылығы жақсы болғаны абзал, әртараптандыру шаралары жасалып, елді мекенің, халықтың әл-ауқатын арттыруға жағдай жасалуы тиіс. Сонда мектептер де жабылмайды, ауылдарымыз да гүлденеді.

Жиында бұл кәсіпорынның келешек тағдары қандай болатындығын бірігіп шешу керектігі айтылды. Ал, облыс әкімі келесі ат басын бұрған Советское селолық округінің де бір кездері халі мүшкіл еді. Осыған дейін мұнда басы даудан арылмаған «Транс Авто» кәсіпорыны жұмыс істеп, тұрғындарға мүлдем жағдай жасалмаған. Олар маңдай терімен тапқан еңбекақыларын ала алмай, жұмыс іздеп жаппай қоныс аударған. Салдарынан мектепте балалар саны азайған болатын. Қазір мұнда жаңа агроқұрылым келіп, жағдай біртіндеп түзелуде. Мұны жиынға қатысқан халықтың көңіл күйінен-ақ аңғаруға болады.

Досалы Есбатыров – Советское ауылының тұрғыны, М. Жұмабаев ауданы:


– Біздер биылғы жылы көктемде көшіп келдік. Келгенде үй берілді. Қаржы берілді. Егін ектік биыл. Саттық. Қазір СПК ашуға дайындалып жатырмыз. Тағы маған жер берілді.

Өңірімізге белгілі аграрий Анатолий Рафальский мұнда келе салысымен іске кірісіп, ең алдымен алқаптарды қалыпқа келтіре бастаған. Нәтиже де бар. Бүгіндері мұндағы астық берекелігі 20 центнерден астам.

Анатолий Рафальский – «СК Агро 2050» ЖШС директоры, М. Жұмабаев ауданы:


–  Біз әртараптандыру жұмыстарының маңызды екендігін білеміз. Биыл майлы дақылдардың алқабын ұлғайттық. 4 мың гектарға күнбағыс, 2 мың гектарға рапс, тағы сонша жерге зығыр ектік. Бұршақ тұқымдас дақылдарды да арттырып жатырмыз. Бұршақ, жасымық, қарақұмық және соя себілді. Тағы бидайдың ең жақсы деген сорттары жерге сіңірілді. Орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Алқаптардың 80 пайызы жиналды.

Мұнда мал шаруашылығын дамыту да жоспарланған. Тағы серіктестік сүт өңдеу цехін ашуды көздеп отыр. Осыған дейін елді мекеннен көшіп кеткендер де жұмыс орындарының құрылып жатқандығын естіп қайтып келуде. Айта кететін тағы бір жайт, мұнда мектепті бітірген түлектер отандық оқу орындарына емес, көршілес Ресейдің білім ошақтарына кетіп жатыр екен. Бұл мәселені де реттеу керектігі айтылды жиында.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Биыл мемлекеттік гранттар көлемі ұлғайтылды. Алдағы жылы да солай болады деген сенімдемін. Тағы үстіміздегі жылы біздер облыстық бюджеттен грант бөлуді қарастырып жатырмыз. Әрине, біздер үшін түлектеріміздің өңірде қалғаны жақсы. Өйткені, осындай кәсіпорындар оларға бар жағдайды жасауға әзір. Облысымызда кей компаниялар еңбеккерлерін тіпті баспанамен қамтып жатыр. Сондықтан, алдағы уақытта жас мамандарды тарту мәселесін бірігіп ойлайтын боламыз.

Кейін облыс әкімі Советское ауылында тұралап тұрған кәсіпорындарға барды. Солардың бірі – құрама жем зауыты. Оны қалыпқа келтіруге Анатолий Рафальский 120 млн теңге жұмсаған. Ал, мынау – ет комбинаты. Оның да тамырына қайтадан қан жүгірту үшін «СК Агро 2050» серіктестігі 200 млн теңге жұмсауды көздеп отыр. Негізі 1993 жылы қаланған зауыт 2013 жылға дейін жұмыс істепті. Мұнда тәулігіне 100 бас ірі қара мен 150 бас шошқа сойылған екен. 4 жыл тоқтап тұрған кәсіпорынның қондырлығары ескірген, ал тағы біразы қолды болыпты. Енді оны қалыпқа келтіріп, алдағы жылы іске қосу жоспарланған. Бұдан соң, аймақ басшысы Писарев селолық округіне барып, тұрғындармен кездесті. Мұнда да екі жыл бұрын жаңа инвестор келіп, жағдайды өз қолына алған. Ауыл азаматтары ең біріншіден олар мектепті қалыпқа келтірді деп отыр.

Людмила Зацепина – Писаревка аулының тұрғыны, М. Жұмабаев ауданы:

 

– Игорь Гришанов келіп, ең біріншіден мектептің ішінде тұрған қазандықты сыртқа шығаруға көмектесті. Барлық жылыту жүйесін алмастырды. Қазір мектебіміз жылы. Енді тағы білім ошағының шатырын жөндеп берсе екен дейміз.

Бұл мәселе бақылауға алынбақ. Ал, осы тақырыпты жалғай түскен облыс әкімі жергілікті билік өкілдерінің салғырттығы мен ауылдағы шаруашылықтардың немқұрайлылығының салдарынан биыл өңірде 17 мектептің жабылғандығын тілге тиек етті. Сондықтан, барынша жағдай жасалуы тиіс деді жұмыс сапарын қортындылаған аймақ жетекшісі Құмар Ақсақалов.

Мағжан Ахмадина