Құқық қорғау органдары

ІІД-нің жергілікті полиция қызметі “Қауіпсіз жол” акциясын қорытындылады

Қоғамдық көліктердегі жадынамалар, қала көшелеріндегі стендтер мен баннерлер. Бұл тәртіп сақшыларының жолдағы қайғылы оқиғалардың алдын алуда қолданатын басты қаруы. Шаһарда жаяу жүргіншілер мен қоғамдық көлік қызметін пайдаланушылар орасан. Сондықтан, жолаушыларды тасымалдаушылар үгіт-насихат жұмыстарының мұндай түрі аса тиімді дейді.

Галина Семенова, “СҚО Автокөлік одағы” ассоциациясының төрайымы:


– Қазір қаланың әр автобусында түрлі бейнероликтер жүріп тұрады, плакаттар ілінген. Бұл ақпарат тұрғындар үшін өте қажет. Мұнда жаяу жүргіншілерге де, көлік тізгініндегі азаматтарға да қажетті ақпараттың бәрі қарапайым, түсінікті тілде берілген. Жол қателіктерді кешірмейді. Мұны әр азамат білуі тиіс.

“Қауіпсіз жол” акциясы өз мәресіне жетті. Алайда, тәртіп сақшылары жол ережелерін бұзуды анықтау менен жол-апаттарының алдын алу мақсатындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырмақ.

Саят Ермек.