Мәдениет

Өңірімізде жерлес және ресейлік суретшілердің көрмесі өтті

Ол қоршаған ортаның тылсым мінезін айнытпай қағаз бетіне түсіруге ерекше құмартады. Суреттерінде жылдың барлық 4 мезгілі көрініс тапқан. Көрмеге келушілердің назарына 50-ге жуық автордың және шәкірттерінің туындылары ұсынылып отыр.

Валерий Савельев, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі:

– Бүгін өзімнің жеке көрмемді ұйымдастырып жатырмын. Бұл көрмеге бұрынғы картиналарыммен қатар, жаңа еңбектерім де қойылған. Мен өз туындыларымда туған жерімнің табиғат байлығын көрсетуге тырысамын.

Ал бұл ресейлік Герман Травниковтың туындылары. Оның Ресей акварель өнері тарихында өзіндік орны бар. Бұл көрмеге 30 акварель жұмыстары ұсынылған. Автор өзінің жарты ғасырлық өмірінде 150-дей көрмеге қатысып, 50-ге жуық жеке көрмесін ұйымдастырған екен.

Герман Травников, Ресей халық суретшісі:

– Туындыларымның басым бөлігі акварель техникасы арқылы салынған. Бұл ең қиын техникалардың бірі болып есептелінеді. Егер шабыт келетін болса, кез келген қызықтырған нәрсені саламын.

Көрмені тамашалауға келгендердің арасында болашақ суретшілер де бар.

– Осы музейдегі суреттер маған қатты ұнады. Суретшілердің көзқарасы өте қызықты, суреттері әдемі.

– Өзім өнер колледжінің студенті болғандықтан, мен үшін бұл суретшілердің туындылары өте қызықты.

– Екеуі екі түрлі стильде жұмыс істейді.

– Ересектер мен балалар жерлес суретшілерімізді білу керек деп ойлаймын.

Айта кеткен жөн, көрме қазан айына дейін жұмыс істейді.