МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында “Адал ұрпақ” ұйымының алғашқы слеті өтті

Аталмыш клубтар облыстағы барлық мектептерде жұмыс істеп тұр. Бүгінде оларға 70 мыңға жуық жеткіншек мүшелік етуде.

Адина Айдарбек – әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы:


– Біздің мектепте “Адал ұрпақ” клубы өткен жылдан бері жұмыс істейді. Онда 9 оқушы ба. Ұйымның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын жастарды тәрбиелеу. Себебі Қазақстанның болашағы – жастардың қолында.

Бір жыл бойы еріктілер өз білім ошақтарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырыпты. Олардың басым бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Солардың бірі – осы тақырып төңірегінде өткізілген суреттер сайысы. Жеткіншектер терең мағыналы туындылары арқылы барша жұртқа ой тастамақ ниетте. Жас патриоттардың әрбірі белең алып бара жатқан осы жағдайды өзінше бейнелеген.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi СҚО бойынша департаментiнiң басшысы:


–  Биылғы жылы жазғы демалыс кезінде оқушылар арасында спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырдық. ұның нәтижесі болашақта байқалады деген ойдамын. Осы оқушылар ер жетіп, лауазымды тұлғалар болғанда, еліміздің жемқорлықсыз гүлденуіне үлестерін қосады деген сенімдемін.

Жиын барысында, сондай-ақ, белсенділік танытып, нәтижелі жұмыстарымен көзге түскен ұйымдар бірқатар марапатқа ие болды.

Эльмира Садвокасова