Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу жайы талқыланды

Барлығына белгілі ол мемлекеттің әліпбиі латын графикасында. Студент қыздың айтуынша біздің еліміздің де бұндай қадам жасауы – заман талабы.

Маржан Қасымбекова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

Латын қарпімен неміс тілін меңгеру жеңіл. Сол себепті мен бұл бастаманы қолдаймын.


Бүгінгі бас қосуда студенттер Елбасы бастамасын талқылады. Жастар латын қарпіне көшу қазақ тілін халықаралық деңгейге көтеретіне сенімді.

Дархан Теміртас – СҚО жастар ресурстық орталығының нұсқаушысы:

– Осы ретте Елбасы жастарға да үлкен мақсат-міндеттер жүктеп отыр. Біз өз кезегімізде бұл бастаманы қолдаймыз. Өскелең ұрпаққа латын қарпін меңгеру еш қиындық тудырмайды деп ойлаймын.

Дөңгелек үстел жиыны барысында жастарға Парламент отырысында ұсынылған латын графикасының алғашқы нұсқасы ұсынылды. Осы қаріптермен олар диктант та жазып көрді.

 

Риат Шони