Қоғам

СҚО-да 300-ден астам өзге ұлт өкілі қазақ тілінде сөйлейді

Тіл білемін дегендерге жағдай жасалынған. Ағылшын және қазақ тілдерін облыстық “Тілдерді оқыту орталығы”-нда тегін үйренуге болады. Бұл мекеме былтырғы жылы ғана ашылған. Қазірдің өзінде мұнда 140 топ бар. Оның 25-ші ағылшын, 115-ші қазақ тілін меңгеруде. Қатысушылардың жалпы саны 2 мыңнан астам. Жалпы мемлекеттік тілді білу деңгейі Казтест жүйесі арқылы анықталады. Сынақ қорытындысы бойынша Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қызметкерлері қазақ тілін 80 пайызға жетік меңгергендерін көрсетіп отыр.

Үмітжан Шынтемірова – СҚО “Тілдерді оқыту орталығы” КММ директоры:

– Казтест жүйесі бойынша тест тапсырғанда 5 деңгейдің тапсырмалары болады. Онда берілген 150 сұрақтың барлығына жауап беру міндетті емес.

Тағы баспасөз мәслихатында қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі жайы айтылды. Бұл үшін өңірге арнайы іс-сапармен белгілі саясаттанушы Досмахамбет Көшім келді. Ол – осы бағытта жұмыс жасап жатқан комиссияның мүшесі. Бұл мамандардың алдына халықтан 100-ден астам әліпбидің жаңа нұсқасы келіп түсіпті. Қыркүйектің 11-і Парламент отырысында таныстырылғаны соңғысы емес, ол алғашқы түрі дейді.

Досмахамбет Көшім – ҚХА ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаттанушы:

– Латын әліпбиіне көшуді біреулер орыс әлемінен қашып жатырмыз деп пайымдайды. Бұл жерде ешқандай саяси астар жоқ. Біздің әліпбиімізді 1939-шы жылдан бастап өзгерту керек деген ғалымдар. Осы бағытты ұстану керек.

Жалпы латын графикасындағы қазақ әліпбиі екі басты критерий бойынша әзірленуде. Алғашқысы – бір дыбыс бір әріп, екіншісі, пернатақтада бар таңбалардан құралу керек.

 

Риат Шони