Спорт

((“Құлагер” ХК “Алматы” құрамасын қабылдады

Ал, екінші кезеңде айдын қожайындары қорғаныста ойнады. Есепті теңестіруді көздеген қарсыластардың қарқыны осал болмады. Қақпаға соққылар бірінен соң бірі бағытталды. Алайда, қақпашы Андрей Янков жарады. Кезең соңында шайба енгізу – құлагерліктерге тән қасиет. Осы жолы да жергілікті құрама дәстүрден жаңылмады. 2-ші үзіліске 1 минут қалғанда “Құлагер” командасының 24-нөмірлі шабуылшысы Дмитрий Исмагилов есепті 2:0-ге жеткізді.

Жеңісті жібермейтініне сенімді “Құлагер” үшінші периодта қарқынын одан әрі күшейтіп, қарсыласты тек қорғаныста ойнауға мәжбүрледі. Мақсат – есепті еселеу.Үшінші шайба көп күттірмеді. Араға бір минут та салмай есеп 3:0-ге жетті. Шайба авторы – 37-ші нөмірлі шабуылшы Илья Ахметов. Жеңіс жергілікті құраманың еншісінде.

Максим Волков, “Құлагер” ХК шабуылшысы:

– Жеңіс оңайлықпен келмеді. Қарсыластарымыз физикалық тұрғыдан өте шыдамды. Таблодағы есеп 3:0 көрсетіп тұр, бірақ бұл үшін біраз тер төгуге тура келді. Онымен қоса, құрама капитаны Ильгиз Нуриевтың жарақаттануы да әсер етпей қоймады. Жинақылығымызды сәл жоғалтып алған едік. Дегенмен, бапкерлердің алдымызға қойған тапсырмасын жүз пайыз орындадық.

“Құлагер” мен “Алматы” құрамаларын бүгін қарымта кездесу күтіп тұр. Алғашқы ойында қарсыласын ойсырата жеңген теріскейлік тарландар бұл басымдылықты сақтай ала ма?

Саят Ермек