Өнеркәсіп

“Қазетөнімдері” ЖШС-і 200 мың еуроға жаңа қондырғылар сатып алды

Татьяна Куликова – “Қазетөнімдері” ЖШС директорының орынбасары:

– Біз аумағы 500 шаршы метр болатын өндіріс цехын салдық. 200 мың еуродан астам қаржыға 11 бірлік жаңа қондырғы сатып алдық. Яғни, жаңа технологияға көштік. Жалпы біз жылына 900 тонна өнім өндіреміз. Енгізілген жаңашылдықтардың арқасында бұл көрсеткіш алдағы уақытта артады деген ойдамыз.

Жаңа қондырғылар сатып алынысымен еңбеккерлердің жұмысы біршама жеңілдепті. Заманауи аппараттармен шұжық тез әзірленіп, өндіріс қуаттылығы да артуда.

Светлана Масалова – “Қазетөнімдері” ЖШС жұмысшысы:

– Бұл – өте жылдам шприц-клипсатор деп аталатын қондырғы. Бір сағаттың ішінде 1,5 тонна шұжықты дайындай алады. Өнімнің барлық түрі әзірленеді. Тағы бір ерекшелігі, қондырғыда тауардың салмағын мөлшерлеуге болады. Яғни, 500 граммнан 1 келіге дейін өндіре алады. Барлығы автоматтандырылған.

– “Қазетөнімдері” серіктестігінде тазалыққа аса көңіл бөлінеді. СКЛЕЙКА+ПЕРЕКРЫТЬ Іске кіріспес бұрын олар мынандай санитарлық өткізгіштен өтеді. Аяғын, қолын тазалайды. Содан кейін жұмысқа кіріседі.

Жалпы серіктестіктегілер айына 150 тонна етті қайта өңдеуге қауқарлы. Дайын өнімді мұндағылар ваккум цехында қаптайды. Шұжықтарды пакеттерге салып, арнайы қондырғылардың көмегімен ішіндегі ауасын шығарады. Соның арқасында тауардың сақтау мерзімі ұзарады.

Елена Мазурова – “Қазетөнімдері” ЖШС дайын өнімдер қоймасының меңгерушісі:

– Негізінен тұтынушылар вакуумдалған шұжықты сатып алады. Өйткені, оның ішінде дәмі де жақсы сақталады. Күніне 1 тонна тауар шығарамыз. Түйірлі және сүрленген шұжықтың сақтау мерзімі – 7 тәулік, ал вакуумдалғаныкі 17-22 тәулікті құрайды.

Дайын өнім әрдайым қатаң тексерістен өтеді. Оған технолог жауапты. Юлия Гончарованың міндеті – тауардың дұрыс әзірленуі мен дәмдеуіштердің шамадан тыс қосылмауын қадағалау.

Юлия Гончарова – “Қазетөнімдері” ЖШС технологы:

– Бізге келген барлық шикізат қатаң тексерістен өтеді. Өнімдеріміз тиісті декларацияға ие. Тағы жаңа шұжықтарды шығарумен де айналысамыз. Айына орташа есеппен алғанда 5 аталым пайда болады. Мәселен, бізде “Брауншвейская” деген жаңа шұжық бар. Оған сұраныс жоғары. Жалпы біз өнімдерімізге консерванттарды қоспаймыз.

Жалпы “Қазетөнімдері” серіктестігінің өнімдері үлкен сұранысқа ие. Солтүстік өңірден бөлек бұл тауарларды Астана, Павлодар, Ақмола облысының тұрғындары тұтынады. Тіпті, ресейліктердің өздері келіп бірқатар таңдаулы өнімдерді сатып алады.

Серік Ілиясов – “Қазетөнімдері” ЖШС директоры:

– Бүгін бізге Алматыдан бір топ делегация келді. Өнімімізге қызығушылық танытып отыр. Алдында шұжықтарды дегустацияға алып кеткен. Енді келісім шарт жасасуға келіп отыр. Жалпы біз айына 71 млн теңгенің тауарын шығарамыз.

Серіктестік алдағы уақытта халал өнімін өндіруді қолға алмақ. Ол үшін жаңадан цех салынуда. Бұл желі жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда.

 

Риат Шони