МТРА жаңалықтары

Петропавлда қыркүйектің 16-сы 2-і күнге су тоқтатылады

Арман Сауытов – “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры:

– Құбырларды жуып-шаю жұмыстары қыркүйектің 16-сы түнгі сағат 12-де басталып 18-і күні таңғы 6-7-ге дейін жүргізіледі. Біз тұрғындарды сенбіден бастап ескертіп келеміз. Бірінші күні механикалық тазалау мен жөндеу жұмыстары қатар атқарылады. Ал, жексенбіде желідегі су құбырлары толығымен хлормен шайылады.

Қала бойынша су беру уақытша тоқтатылғанымен әлеуметтік маңызы бар мекемелер тіршілік көзінсіз қалмайды екен. Бұндай нысандарға су тасымалдауды “Қызылжар су” серіктестігі өз мойнына алып отыр.

Арман Сауытов – “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры:

– Қала бойынша бірқатар нысандарға екі күн бойы тіршілік көзі біздің арнайы көлігімізбен жеткізіледі. Бүгінде тиісті жұмыс ауқымы бегіленіп, жоспар құрылған.

Айта кетсек, мамандар дүйсенбі және сейсенбі күндері суды асқа пайдаланбауға кеңес береді. Өйткені, бастапқыда оның құрамындағы хлор қосындысы шамадан тыс болады. Сондықтан, қала тұрғындары қазірден бастап таза су қорын 5-6 күнге жинап алғаны дұрыс.

Тогжан Акмагамбетова