МТРА жаңалықтары

Жыл соңына дейін 750 солтүстікқазақстандық әскер қатарына шақырылмақ

Еркінбек Байболов, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:

– Олар, сондай-ақ, наркологиялық тестілеуден өтуі тиіс. Гепатит, туберкулез ауруларын анықтайтын зертханалық тексерістер мен психологиялық сынақ та міндетті. Биыл мұндай сынақтан әскерге шақырылғандардың 86 пайызы сәтті өтті.

Осы жолы 750 солтүстікқазақстандық Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылмақ. Айта кетейін, күзгі шақырылым басталғалы теріскейлік бозбалалардың бірінші легі Атырау қаласындағы 2018 әскери бөліміне аттанған.

Мақсат Мұқанов, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:

– 27 қыркүйекке дейін шекара әскерлері қатарына 160-қа жуық жігітті жібермекпіз. Қазан айының басында әскери борышын Қорғаныс министрлігінде өтейтін 200-ден астам азаматты жөнелту жоспарлануда. Қараша мен желтоқсанда 20 бозбала мемлекеттік қорғаныс қызметіне аттанады.

Ал, азаматтық борышын өтеуден жалтарған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Жанат Оспанов, Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының прокуроры:

– Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы” Кодексінің 647 және 648-баптарына сәйкес әскерге шақыру қағазы бойынша келмеген және міндетті медициналық тексерістен өтпеген азматтарға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал, “Қылмыстық кодекстің” 387-бабына сәйкес әскери борышын өтеуден түрлі себептермен жалтарған азаматтар 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 3 жылға бас бостандығынан айырылады.

Жерлестеріміз Отан алдындағы борышын облыс орталығында да өтей алады. Қаладағы әскери-техникалық мектепте 24 пен 27 жас аралығындағы азаматтар 40 күн ішінде әскери саланың қыр-сырын меңгеру мүмкіндігіне ие. Әскери дайындықтан өтудің бұл тәсілі тегін емес. Құны 263 мың 318 теңгені құрайды.

Саят Ермек