Қоғам

Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуін солтүстікқазақстандықтар талқылауда

Надежда Заиченко, «БЭСТ» гимназиясының директоры:

– Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықтағы орнын бекітуі тиіс. Мемлекеттік тілдің латын графикасына ауысуы елімізді экономикалық, саяси жағынан дамыған ірі державаларға бір табан жақындатады. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік тіл жаһандық деңгейге шықса еліміз де алға басады. Сондықтан, мен бұл бастаманы толығымен қолдаймын.

Дүйсенбі күні Парламент Мәжілісінде қазақ әліпбиінің латын графикасы негізіндегі нұсқасы ұсынылған болатын. Жаңа әліпби 25 әріп, 8 диграфтан тұрады. Қазақ тілінің төл дыбыстары қосарланған әріптермен берілмек. Әліпбидің бұл нұсқасын жерлестеріміз қолдап отыр. Айтуларынша, жаңа алфавит тіліміздің жазба байлығын сақтап қана қоймай, оны біршама тереңдетуге септеседі.

Зарқын Тайшыбай, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты:

– Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде ерекше тіл.Бұл тілдің дыбысталу жағдайын кирилл қарпі қамтамасыз ете алмайды.

Қазір бұл жаңа әліпби жобасын ғалымдар, бүкіл қоғам өкілдері қызу талқылап жатыр. Елбасы тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылдың аяғына дейін оның бірыңғай стандартты нұсқасы қабылдануы керек. Кейін келер жылдан бастап латын графикасын оқытатын тиісті мамандар үйретіліп, орта меткептерге арналған оқулықтар әзірленбек.