Қоғам

Облыстық ардагерлер кеңесі президиумының кеңейтілген отырысы өтті

Жұманғали Қожахметов – Қызылжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Дәрі-дәрмек жетіспейді. Рецептілер жазылады, бірақ оған берілетін препараттар жоқ. Сондықтан, оны алу үшін қалаға бару керек. Жол жүріп-тұру да қарттарға оңай емес. Дәрігерлер де тапшы. Стационарлық емделуді біржақты ету керек. Аудандық орталық аурухананың Колл-орталығы жұмыс істемейді. Бірдеңені білейін десең, үнемі сонда баруға тура келеді.

Ардагерлер тағы ауылдық жерлерде дәріханалардың жетіспеушілігін тілге тиек етті. Жиынға қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мариям Бапанова бұл мәселелердің біртіндеп шешілетіндігін жеткізді.

Мариям Бапанова – СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Колл-орталық жақын арада жұмыс істейтін болады. Өйткені, 2019 жылға қарай біздер бірыңғай автоматтандырылған жүйеге көшеміз. Дәрігерлердің тапшылығына келер болсақ, аталған ауданда 10 дәрігер жетіспейді. Ол үшін мамандарды баспанамен қамти отырып тарту қажет. Ал, дәрі-дәрмекке қаржы бөлінетін болады.

Бұдан соң, жиында Қарттар күніне дайындық барысы пысықталды. Соған орай, алдағы демалыс күндері өңірде сенбілік өткізілмек.

 

Магжан Ахмадина