Білім

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорлар аллеясы ашылды

Раушан Мұхамеджанова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Бұл жер көркейді. Жаңа тас жол төселді. Орындықтар мен шамдар пайда болып, ағаштар мен гүлдер отырығызылған. Студенттер үшін үлкен қуаныш. Енді сабақ арасында шығып дем алуға жақсы мүмкіндік туып отыр.

Ректорлар аллеясының салтанатты ашылу рәсіміне студенттер, оқытушылар мен қоғам өкілдері жиылыпты. Және кезінде осы басшылармен жұмыс істеген, оларды білетін жандар жиылған. ЖОО-нын басқарған 15 ректордың арасында Лариса Побелянскаяның есімі де бар. Ол университетке 1941-44 жылдары жетекшілік еткен. Бүгін жиынға оның ұрпағы Владимир Побелянский қатысып отыр.

Владимир Побелянский:

– Менің үлкен әжем осы оқу ордасын соғыс жылдары басқарған. Мен ол кісіні мақтан тұтамын. Өзім де кезінде осы жерде білім алдым. Жақсы кадрлар даярлайды.

Мұндай шаралардың кейінгі ұрпаққа маңызы зор. Олар оқу ордасының негізін қалап, оның дамуына үлес қосқан жандарды білуі тиіс дейді жиынға қатысқандар. Міне, көптен күткен ректорлар аллеясы да салтанатты түрде ашылды. Кейін жиылғандар оны аралап, әр жетекшінің универстиетке сіңірген еңбегі жайлы ақпаратқа қанықты. Жақсылық Ғалиев білім ордасына жетекшілік еткен соңғы 4 ректормен бірге жұмыс істепті. Университеттің дамуында олардың әрқайсысының алатын орны ерекше дейді.

Жақсылық Ғалиев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Мен ең бірінші Қанаш Шакеновпен жұмыс істедім. Ол – кісі экономика ғылымдарының кандитады. Ол кісінің жұмысы проректорлармен болды. Ол кезде мұнда 30-дан астам кафедарларадың жұмысы маңызды болды. Мұтанов Ғалым Мұтанұлын білемін. Ол қазір басқа жерде ректор болып істейді. Ол кісінің университет қалыптасуында еңбегі зор.

Ғалым Мұтанов оқу ордасындағы көптеген корпустардың салуына мұрындық болыпты. Ал, Оңдасын Әшімовтың кезінде университетте обсерватория мен бассейн жұмысын бастаған.

 

Магжан Ахмадина