Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасауда

Әлихан Байқадамов – СҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:

– Біз бірнеше жыл бойы 24 облыстағы үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасаудамыз. Бірігіп қылмыстың алдын-алу бойынша түрлі шаралар жүргіземіз.

ІІД-де аталмыш ұйымдармен жұмыс жасайтын кеңес де қызмет істейді. Олардың отырыстарында өзекті деген мәселелер қарастырылып, талқыға салынады. Мәселен, бүгінде орын алатын қылмыстардың 70 пайызынан астамы отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылыққа жатқызылады. Осындай жағдайлардың басым бөлігі маскүнемдік пен нашақорлықтың салдарынан туындайды екен. Осы ретте тәртіп сақшылары қиын жағдайда қалған әйелдерді қолдау орталығымен жұмыс жүргізеді. Бұдан бөлек, полицейлердің қызметін қолдап, көмек көрсететін бірлестіктер аз емес. Бұндай жұмыс қазірдің өзінде жақсы нәтижесін беріп отыр.

Бахытжан Сәмиева – СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

– Конференция, жиналыс өткіземіз. Тәртіп сақшыларының халық алдындағы есебіне де барып, жұртшылықпен бірге кездесу өткіземіз. Өзіміздің пікірімзді білдіріп, ІІО жұмысының нәтижесін көрсетеміз.

Алдағы уақытта да ішкі істер органдарының қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың біріккен жұмысы жалғасын таппақ.

 

Эльмира Садвокасова