Қоғам

Қазақ алфавиті латын графикасына 2025 жылы көшеді деп жоспарлануда

Жоба авторларының айтуынша, жаңа әліпби 25 әріптен және 8 диграфтан тұратын болады. Яғни, қазақ тілінің төл дыбыстары қосарланған әріптермен берілмек. Солтүстікқазақстандықтардың айтуынша бұл бастама мемлекеттік тілді дамытып, оны жаңа деңгейге көтереді.

Жанар Таласпаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты:

– Әліпбидің бұл нұсқасына менің көңілім толды. Себебі, мұнда басы артық әріптер, ноқаттар, диагретикалық таңбалар, апострофтар жоқ. Осындай қиындықтарды артқа тастап, біздің ғалымдар жаңа әліпбидің оңтайлы нұсқасын ұсынды.

Гүлбақша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, заң ғылымдарының кандидаты:

– Мен бұл бастаманы толығымен қолдаймын. Мемлекетіміз қолдап жатыр, енді қоғам қолдауы керек. Экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан мықты мемлекет болу үшін латын әліпбиіне көшкен жөн.