Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері жергілікті төртінші билік өкілдерінің жұмысымен танысты

Әсемгүл Әлібаева – СҚО ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонының штаб инспекторы:

– Полицей бола тұра, редакцияда жұмыс істейтін журналистердің қызметін өз көзімізбен ешқашан көрмеген едік. Бұл жеңіл еңбек емес екен. Әр журналист күні-түні ақпарат іздеп, оны өңдеп, оны шығару үшін тер төгеді. Бұл өте қиын жұмыс екендігіне көзіміз жетті.

Бұдан бөлек тәртіп сақшылары мәтінді оқып дыбыс жазды, монтаждауды көрді. Ал, ең қызығы, кәсіби тілмен айтқанда блиц жинады. Яғни, бір тақырып төңірегінде халықтың пікірін білді. Бұл полицейлер ойлағандай оңай болып шықпады.

Жанар Байғазина – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі:

– Блиц алу біз үшін қиынға соқты. Әр адам сұхбат беруге көне бермейді. Ол үшін дұрыс сұрақ қоя білу керек. Жалпы бәрі қызықты болды.

Сондай-ақ, бүгін тәртіп сақшылары басқа да телеарналар мен газет редакцияларын аралап, олардың жұмыстарымен танысты.