Спорт

Петропавлда “Петрокап-2017” турнирі аяқталды

Дегенмен, тұлпарлықтар есілдіктерден басым түсіп, 4-1 есебінен ойсырата жеңіске жетті.

Саламат Оразбаев – “Тұлпар” құрамасының капитаны,Петропавл қаласы:

– Қарсыластарымыз мықты екен. Біз олардың оңай шағылатын жаңғақ емес екенін білгенбіз. Бірақ, бағымыз жанып, оларды ұтып кеттік.

Айта кетсек, “Петрокап-2017” сайысы облыс орталығында 3-ші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Оған 17 жастан асқан әуесқой футболшылар
қатысады.

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Дәстүрлі “Петрокап-2017” турнирі өзінің бастауын тамыздың 12-сі күні бастаған болатын. Бұл сайысқа 28 команда қатысқан болатын. Олардың барлығы да – футбол жанашырлары.

Дүбірлі дода соңында үздік үштіктен көрінген жеңімпаздар грамота, медаль және кубокпен марапатталды. Сондай-ақ, турнирде ең жақсы ойынымен ерекшеленген футболшы, қақпашы және бомбардирге естелік сыйлықтар табыс етілді.

Тогжан Акмагамбетова