МТРА жаңалықтары

Жыл басынан өңірде 8 орман өрті тіркелген

Қайрат Қалықов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы:

– Ағаштарды заңсыз кесу фактілері негізінен, М.Жұмабаев, Есіл және Шал ақын аудандарында тіркеліпті. Биылғы жағдайлардың 37-сіне қатыса барлар белгілі болып, жаза қолданылып отыр. 2015 жылдан бастап заңсыз ағаш кесу фактісін қылмыстық кодекске аударған болатын. Бұл қылмыстық құқық бұзушылық болып есептеледі. 340 бап бойынша 300 АЕК есебінде айыппұл салынады немесе 240 сағат көлемінде қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылады. Тағы 72 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Жыл басынан теріскейде 8 орман өрті тіркеліп, қызыл жалын – 21,6 гектар алқапты шарпыған. Тілсіз жау – 1 млн 700 мың теңге шығын келтірді. Соңғы оқиға жексенбі күні Тайынша ауданындағы Рощинское елді мекенінде орын алыпты. Орлиногор орман шаруашылығында болған өрт 9 гектар жасыл желекке жайылған.

Қайрат Қалықов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы:

– Мұнда 9 гектарға жуық орман алқабы өртке оранып, 65 адам және 10 техника сөндіруге жұмылдырылды. Нақты айтсақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және жануарлар дүниесі комитеті бұйрығы негізінде 15 күннің ішінде қызметтік тергеу жүргізіліп, келтірілген залал мөлшерімен, өрттің шығу себептері анықталатын болады. Сондықтан бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мамандар табиғат аясында орын алатын мұндай оқиғаларға көбіне, тұрғындардың өздері кінәлі дейді. Олар қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтын көрінеді. Бүгіндері өңірімізде 12 мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі жұмыс істейді.

 

Тогжан Акмагамбетова