Бизнес және экономика

Іскер әйелдер қауымдастығы қыз-келіншектерді кәсіпкерлікке үйретпек

Бақытжан Сәмиева – СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

– 17-18 жастағы өз кәсіптерін бастаған қыздарды талай көрдік. біз оларға көмек көрсетіп, оқытқымыз келеді.

Басты талап – ынталы болу. Қауымдастық жанынан құрылып жатқан жас қанатқа 35 жасқа дейінгі нәзікжандылар мүшелік ете алады.

Елена Семидоцких – жеке кәсіпкер:

– Біз ұйымға бизнесті қолға аламын дейтін қыз-келіншектер мен ең көбі 2 жыл бойы кәсіпкерлікпен айналысатындарды шақырамыз. Оларға бағыт-бағдар беріп, білген-түйгенімізді айтамыз. Сондай-ақ, апта сайын жиылып, туындаған мәселелерді талқыламақпыз.

Қазір іскер азаматшалар осы айдың соңында Петропавлда өтетін кәсіпкер әйелдер форумына дайындалу үстінде.

 

Эльмира Садвокасова