Қоғам

Қыркүйектің 22-сі елімізде әлеуметтік қызметкерлер форумы өтпек

Асқар Сақыпкереев – СҚО әкімінің орынбасары:

– Форумның негізгі мақсаты халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік қызметкерлердің рөлін күшейту; олардың заманауи қоғамдағы рөлін және әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесін мойындау.

Ел азаматтарының шамамен 3,9 пайызы мүмкіндігі шектеулі жандар санатына жатады. Олар үшін қызмет түрлерінің бірқатары қарастырылмаған. Сондықтан, мүгедектердің өмірін жеңілдету мақсатында республикалық әлеуметтік жобалар сайысы ұйымдастырылуда.

Сергей Яковенко – СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

– Байқауға теріскей өңірінен Уәлихан Ибраевтің жасаған “Жылжымалы монша” жобасы қатыстырылады. 2016 жылы іске қосылған жобаның арқасында бүгінге дейін 5 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Аталған азаматтың жаңашылдығымен толығырақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтынан танысып, дауыс беруге болады.

Жалпы, әлеуметтік қызметкерлерді келесі жылдан бастап көптеген өзгерістер күтуде. олардың көрсететін қызмет түрлері едәуір арта түспек. Және мамандар аттестациялаудан енді 3 жылда бір рет өтетін болады.

 

Эльмира Садвокасова