Құқық қорғау органдары

Өңір тәртіп сақшылары білім ошақтарының әлеуметтік педагогтарымен кездесті

Владимир Ткаченко, СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

– 2017 жылдың ақпанында облыстық білім басқармасы ішкі істер департаментімен меморандумға отырды. Екі ведомствоның әріптестігі нәтижесінде “Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік”, “Мектепке жол”, “Қауіпсіз мектеп”, “Абайлаңыз, балалар” акциялары өткізілді. Әлеуметтік психологиялық қызмет мамандары мектеп оқушыларымен жиі кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

Тәртіп сақшылары мен әлеуметтік педагогтардың бірлескен жұмысы жеміссіз емес. Өңірде жасөспірімдермен жасалған заңбұзушылықтардың саны былтырғымен салыстырғанда 11 фактіге кеміген.

Марина Коваленко, Ю.А.Гагарин атындағы №14 орта мектептің әлеуметтік педагогы:

– Жасөспірімдердің құқықбұзушылыққа деген нөлдік төзімділігін қалыптастыру мақсатында түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Онымен қоса оқушыларды сабақтан тыс үйірмелерге, спортық секцияларға баулимыз. Ата-аналармен де жұмыс тиісті деңгейде жүргізіледі.

Үстіміздегі жылы өңірдің тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған 131 жасөспірімді есепке қойған. Өткізілген семинар-кеңестің нәтижесінде бұл көрсеткіш әлі де төмендейді деп жоспарлануда.

Саят Ермек