Қоғам

Облыс орталығында Қызылжар ауданының мәдени күндері бастау алды

Мәселен, мына бір қағаздар 1929 жылы кулактардың мүлкін тәркілеу барысында жазылған. Тізімде, қанша пальто, аяқ киім, жиһаз, тіпті, қанша ыдыс-аяқтың бар екені көрсетіліпті. Сондай-ақ, көрмеден Голощекиннің телеграммасы мен Налобин ауылдық округының төрағасына қатысты жазылған шағым да орын алған. Сондай-ақ, шарада Ұлы Отан соғысына қатысушы, Социалистік Еңбек Ері Еслям Баукенов жайлы да сөз болды. Оның бейбіт күндерді жақындатуға қосқан үлесі мен тың игерудегі жетістіктері атап өтілді.

Мәнсия Жүсіпова – Социалистік Еңбек Ері Еслям Баукеновтің қызы:

– Менің әкем еңбекқор адам болды. Оның істеген жұмысын үкімет жоғары бағалайтын. Тың игеруді де ертерек бастады. Кейін, 1957 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алды.

Қызылжар ауданының мәдени күндері облыстық кітапханада жалғасын тапты. Шара кітапханашылардың әзірлеген флешмобынан бастау алды. Кейін олар өздерінің жұмыс күндері жайлы әзірлеген бейнематериалды көрермендер назарына ұсынды.

Эльмира Қабиева – Қызылжар ауданы орталықтандырылған кітапханалық жүйесі директорының міндетін атқарушы:

– Біздің аудандық кітапханалар жүйесінде 21 кітапхана бар. Оның екеуі аудандық, қалған 19-ы ауылдық.

Шараға Қызылжар ауданында дүниеге келген Ботагөз Ғалиева да арнайы шақырылыпты. Нәзікжанды 43 жыл бойы білім беру жүйесінде қызмет еткен. Кейін зейнетке шығып, жүрекжарды өлеңдер жаза бастаған. Бүгін туған жеріне арналған туындысын қалың көпшілікке оқып бермек.

Ботагөз Ғалиева – ҚР Білім беру ісінің үздігі:

– Менің қанымда сөзге деген құрмет, сөзге деген икем бар. Менің әкем жазушы болған. Соның ықпалы болар, өзім де өлең шығара бастадым.

Қызылжар ауданының мәдени күндері қыркүйектің 8-і Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өтетін гала-концертпен аяқталады.

 

Эльмира Садвокасова