Елімізде әлеуметтік көмек көрсету жүйесі оңтайландырылуда

Білім

14:38 7 Қыркүйек 2017

Ольга Гоптарева – Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің консультанты:

– Біз психоневрологиялық патологиялары бар жандарға, тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға, І-ші және ІІ-топтағы мүгедек жеткіншектермен жұмыс жасаймыз. Үйлеріне барып, сабақ өткіземіз.

Бүгінде облыс орталығында тұратын 500-ге жуық қария мен мүгедек және 81 мүмкіндігі шектеулі бала қалалық бөлімшелерге тіркелген.

Жанар Малюка – Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің консультанты:

– Біздің орталықта педагогтар балаларға инклюзивті білім береді, оларды қоғамға бейімдейді. Мүгедектердің жұмысқа орналасуына, тиісті жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдеседі. Құжаттарын ресімдеуге көмектесеміз. Заңгерлік қызмет түрін ұсынамыз.

Биылдан бастап елімізде әлеуметтік көмек көрсету жүйесі оңтайландырылуда. Өзгеріс жайлы дөңгелек үстел басында айтылды. Бұдан былай арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін мемлекеттік органдардан бөлек үкіметтік емес ұйымдар да көрсете алады. Оған қоса, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жүйесі де жетілдірілмекші. Енді әлеуметтік қызметкерлер 3 жылда бір рет қысқа мерзімді курстардан өтіп тұрады.

Берік Қасен

Бұдан әрі оқыңыз

Жергілікті ЖОО-дағы жемқорлықпен күрес жұмыстары
Жерлестеріміз “Зерде” республикалық байқауында үздіктер қатарынан көрінді
Ағылшын тілін оқыту бойынша халықаралық жоба қолға алынды
Облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті
Петропавлдық жасөспірімдер ағылшын тілін тегін меңгеруде
Жастарға бизнес ашудың жаңа жолы
Жас ғалымның жаңалығы
Музей қозғалысы белсенділерінің форумы өтті
Петропавлда болашақ педагогтарға арналып ресурстық орталық ашылды