Құқық қорғау органдары

Алаяқтық жасаған Мамлютка қаласының тұрғыны ұсталды

Яғни, оқиғалардың бірінде  құрықталған азаматша кездейсоқ адамның денсаулығы жайлы сұрап, сырқаттанған аяғын емдеп беруге үйіне барған. Бірқатар ырымын жасап, пәтер иесіне жастыққа ақша мен әшекей бұйымдарды тігу қажеттігін айтады.

Күдікті:

– Мен “Корона” сауда үйінің қасында кетіп бара жатқанмын. Бір әйелді кезіктірдім. Онымен әңгімелесіп, ауырған жерді емдеу керектігін айттым. Бірден келісті. Кейін үйіне барып су сұрадым. Бал ашып емдедім. Бұдан соң ақша мен әшекей бұйымдарды жастыққа тігу керек дедім. Айтқанымды істеді. Кейін мен оны ұрлап кеттім.

Құрықталған азаматша Петропавлға сауда жасау үшін келдім дейді. Ал, бұған дейін бірнеше күн бұрын Есіл ауданында да дәл осындай алаяқтық жасап, ақша жымқырған.

Ердәулет Өскенбай – Петропавл қаласы ІІБ бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Петропавлда жедел іздеу шаралары аясында Мамлютка қаласының 53 жасар тұрғыны құрықталды. Ол алаяқтық жасап адамдардан ақша ұрлаған.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-шы бабы 1-і бөлімі “Алаяқтық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер кінәсі дәлелденсе онда ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мамлютка қаласының тұрғыны бұған дейін де осындай әрекеті үшін сотты болған екен.

 

Риат Шони