МТРА жаңалықтары

“EXPO-2017” халықаралық көрмесінің аяқталуына 5 күн қалды

Ғылым мен эстетиканың сабақтастығын паш ететін көрмеде әлемнің түкпір-түкпірінен түсірілген түнгі аспанның фотосуреттері орын тепкен. Онымен қоса, бүгін Біріккен Араб Әмірліктері өзінің ұлттық күнін атап өтуде. Аталмыш мемлекет жаңғырмалы энергия көзінің халықаралық кеңесіне мүшелік етеді. Алайда, электр энергиясын қолданудан әлем бойынша көш бастап тұр. Яғни, мұнда пайдаланылған қуаттың мөлшері адам басына 16 мың киловаттан асады екен.

Бұл басқа мемлекеттермен салыстырғанда 5,5 есеге көп. Сонымен қатар, ЭКСПО-дағы Қытай павильонында “Шандунь провинциясының аптасы” өтуде. Ал, Ресейлік нысандағылар Трансмұнай және Мәскеу Кремлі мұражайы бірлесіп жасаған жобаның тұсауын кесті. Мұнда меймандарға бірегей голограммалық қойылым ұсынылды. Бұл күні ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қолғабыс еткен жандар да ұмыт қалмады. Энергия холлында еріктілер форумы өтті. Мұнда өзін жақсы қырынан көрсете білген азаматтар құрмет-қошеметке бөленді.