Құқық қорғау органдары

Облыс орталығында аялдаманы сындырған бұзақы ұсталды

– Я психанул: одному ударил, потом в стекло рукой… и ногой заехал в стекло. И потом ногу порезал. Сперва не почувствовал. Потом, когда друзья меня за руки взяли и сказали: «У тебя кровь!», только тогда почувствовал. Потом меня привезли сюда на скорой помощи.

Ашу тек аурухана төсегіне таңып қоймады. Ызақор бұзақы кінәсін мойындағанымен жауапкершіліктен қашып құтылмайды. Өзіне өзі келтірген дене жарақаты да көмектеспейді.

ШӘМШИДЕН АҚЫШОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ ЖПҚ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша материал жиналды. Енді жаза қолданылатын болады.

Егер осы тектес вандализмнің куәсі болсаңыз бірден 102 нөміріне қоңырау шалу керек. Бұл полицейлерге бұзақыны уақытында тауып, жауапкершілікке тартуға септеседі. Айта кетейін, Петропавлда жыл басталғалы дәл осындай 108 бұзақылық фактісі тіркелген. Оның 11-і бұзылған аялдамаларға қатысты.

Айгерим Ержанова