Құқық қорғау органдары

СҚО-да ІІО 36 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді

Бүгін, міне, облыстық ІІД полицейлері комиссия мүшелеріне атқарылған жұмыстарын баяндауда. Жалпы құқық қорғау органы азаматтарға 36 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның жартысы – көші-қон полициясына тиесілі. Жыл басталғалы олар 520 шетел азаматына көмек көрсетіпті.

Талғат Әбілов, СҚО ІІД көші-қон қызметі басқармасының бастығы:

– Ең көп  шетел азаматтарын уақытша тіркеп, оларға төлқұжат мен жеке бас куәлігін беру қызметтері көрсетіледі. Жеке бас куәлігі үшін мемлекеттік баж салығы алынады. Өзге қызмет түрлері тегін көрсетіледі. Күн сайын қаладағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында тек біздің мамандардың қызметіне 200 адам жүгінеді екен. Ал, аудандандарда күніне 10-50 адамға дейін қызмет алады.

Жыл басталғалы ІІО көрсететін мелекеттік қызмет сапасы өңірдің 5 ауданында тексеріліпті. Тұрғындар тарапынан ешқандай арыз-шағымдар болмаған. Өңірдің бас полицейі / көрсетілетін қызмет түрлеріне уақытылы мониторинг жасап отыруды тапсырды. Қазір, әсіресе, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінетін азаматтар көп екен.

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы:

– Азаматтар жүргізуші куәлігін алуға жүгінеді. БҰл ретте оларға сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз.

Енгізілген тағы бір жаңашылдық – енді азаматқа көлігін тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркеу міндеттелмейді. Егер ол Астана қаласының азаматы болып, автокөлігін біздің өңірге келіп, өз аймағының нөмірімен тіркей алады. Бұл өте ыңғайлы дейді, мамандар. Ал, алдағы жылдың қаңтар айында қолжетімді бағамен сатылатын вип нөмірлердің кеңейтілген тізімі енгізіледі.

Кейін, жиын соңында Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері мен ІІД басшылығы арасында меморандумға қол қойылды. Бұл құжат тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға септеспек.

Акбопе Танирберген