Қоғам

Қазақстанда аңшылықтың күзгі-қысқы маусымы бастау алды

Олег Беспалов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлiм басшысы:

– Биылдан бастап атуға болатын жануарлардың тәуліктік мөлшері біршама қысқартылды. Енді аңшы бір күнде құстардың әр түрінің бесеуін ғана атуға құқылы. Бұл норманы қосымша ақша төлеу арқылы ғана ұлғайтуға болады. Онымен қоса, аң аулауға берілетін рұқсат қағазын алу тәсілі де жеңілдетілді.

Қазіргі таңда облыста 8000-ға жуық аңшы бар. Олардың ішінде заңсыз саят құрушылар да жоқ емес. Мәселен, жыл басынан бері өңірде ондай 5 факті тіркелген. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асады. Ескерте кетейік, заңсыз аң аулауға белгіленетін айыппұл көлемі 2 еседен 5 есеге дейін өсіп отыр.

Олег Беспалов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлiм басшысы:

– Ағымдағы жылдан бастап табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін төленетін айыппұл мөлшері біршама өсті. Мәселен, заңсыз атылған елік немесе қабан үшін браконьер 250 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Киікті атқан үшін – 350, ал үйрекке 5 АЕК-ті құрайтын соманы төлеуге мәжбүр болады.

Елімізде күзгі және қысқы аңшылық маусымы қыркүйектің 2-сі ашылды. Бұл күннен бастап суда жүзетін құстарды аулауға болады. Ал, марал, аю, елік, қабан және тауешкілерді атуға рұқсат ай соңында беріледі екен. Терісі бағалы аңдарды қарашаның бірінен бастап аулауға болады. Саят құру маусымы 15-ші ақпанға дейін жалғаспақ. Жалпы, қазақстандық аңшыларға сүтқоректілердің – 34, құстардың 59 түрін атуға рұқсат етілген.