Қоғам

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер жылыту маусымына дайындық үстінде

Роман Скрипко – Болатбаев көшесі, 4-үйдің тұрғыны:

 

– Маған өз аулам қатты ұнайды. Мен футбол алаңын қашан төсейді деп көп күттім. Енді арманым орындалды. Ауладағы барлық балалар спортты сүйеді. Біз үлкендерге де қоқысты тазалауға, ағаш отырғызуға көмектесеміз.

Бұдан бөлек Болатбаев көшесі, 4 мекен жайындағы көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделген. Оған пәтер иелері өз қаржыларын жұмсаған. Тағы мұнда әрдайым үздік подъезд байқауы ұйымдастырылып тұрады. Сайысқа тұрғындар белсенді қатысатыны көрініп тұр. Өйткені, әр подъезге кірсең мынандай көрініс. Үлкендер мен кішілер қолдарынан келгенше түрлі бұйымдар әзірлеп, көркемдеп қойған. Ал, бұған қоса “5-ші линия, 4” пәтер иелері кооперативі жылыту маусымына уақытылы дайындалыпты. Бүгінгі күнге дейін 200 метрге жуық құбырларды алмастырып, жылу торабын жаңартқан. 

Валентина Новиженная – “5-я линия, 4” ПИК төрайымы:

– Қос үйде 16 жылу элеваторы бар. Биыл біз 3 жылу алмастырғышты жаңарттық. Оған қоса пластик құбырларды металлға ауыстырдық. 4-ші линия көшесіндегі 16-шы үйге жылу есептегіш құралын орнаттық. Ал, Болатбаев көшесіндегі баспана былтыр суық болған. Қыста ақауын таба алмадық. Қазір барлық торапты жөндеп жаңарттық. Енді мұнда да жылу есептегіш аспапты қоймақпыз. Жалпы қысқа дайындыққа біз 1 млн теңгеден астам қаражат жұмсадық.

Жалпы қос үйде 420 пәтер бар екен. Енді оның тұрғындары қыс мезгілінде үйлерінің жылы болатынына сенімді.

 

Риат Шони