МТРА жаңалықтары

“ЕХРО-2017” көрмесіне келушілердің саны азаяр емес

Ердәулет Ибадулла – Корнеевка мәдениет үйінің қызметкері, Есіл ауданы:

– Ең есте қалған және ұнағаны бұл – «Нұр әлем». Шар тәріздес, өте керемет. Кірсең шыққың келмейді.01:41/ Жалпы Экспоға келгеніәме қуаныштымын.

Аталмыш көрмені бүгінге дейін 3 млн-нан астам азамат тамашалады. Мұнда әлі де әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар ағылып жатыр. Қазақстандықтар бұл жерге өз жанұяларымен, бала-шағаларын ертіп келуде. Ал, жерлестеріміз, Ғ.Мүсірепов аудандық өнер мектебінің ұстаздары павильондарды ұжым болып аралапты.

Мұхтар Қасымов – Ғ.Мүсірепов аудандық өнер мектебінің мұғалімі:

– Кеш келдік. Онша көп павильондарды аралап үлгерген жоқпын. Уақыт тығыз болды. Маған Африка павильоны ұнады. Біз үшін ерекше адамдармен фотоға түстік.

Осы жеті күн – «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесінің соңғы жұмыс аптасы. Еліміз үшін маңызды шара қыркүйек айының 10-ы күні салтанатты түрде жабылатын болады. Сондықтан, егер сіз Астанадағы бұл көрмені әлі тамашаламасаңыз, асығыңыз. Себебі, уақыт шектеулі.

 

Айгерим Ержанова