Балалар

Петропавлда “Өзінше” білім үйі ашылды

Нұрай Ержан:

– Мен ағылшын тілін оқуға келдім. Мен тағы жүзу әнге барғым келеді. 01:10 Өскенде ботаник болғым келеді. 01:33 Осы орталықтың ашылғанына қуаныштымын. Осындатағы атаналар оқуға балалрын жіберсе екен. Өзіме көп достар тауып алар едім.

Аниматорлар жиылған балалар мен ата-аналардың көңілін көтерді. Міне көптен күткен “Өзінше” білім үйінің таспасы да кесілді. Ішке кірген ата-аналар бірден балаларын өздері қалаған курстарға жазуға асық. Кәсіпкер Дәурен Есжан білім үйін ашу үшін “Бизнестің жол картасы 2020” мемлекеттік бағдарламасы арқылы “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорынан 5 млн теңге несие алыпты.

Дәурен Есжан, “Өзінше” білім үйінің диреткоры:

– Кең көлемде жұмыс жасаймыз. Балаларды мектепке дайындау, шағын орталық, кубик рубик құрастыру, роботатехника, менталды арифметика және ағылшын тілі курстарын осы бір орталыққа біріктіріп отырмыз. Балғындармен жоғары білімді, шетелде тәжірибе алған мамандар жұмыс істейді.

Аяулым Нөсербай сабақ оқуға кірісіп кеткен. Жеткіншек ағылшын тілін жетік меңгеруді көздейді.

Аяулым Нөсербай:

– Мен болашақта Америкаға барып, көп елдерді аралауым керекпін. Ол үшін ағылшын тілін үйренуім керек. Сондықтан осында келдім. Бүгін алғашқы сабағым өтті. Алфавитті қайталадым.

Бала шет тілін меңгеруге аптасына екі рет келсе – 7200, жұмасына 3 рет болса – 10400, күнде қатысса 18 мың теңге төлейсіз. Мұнда қазақ тілін де үйретеді. Орталықта ересек балларға да ермек көп. Арнайы жабдықталған 9 аудитория бар. Бала мына кабинетте менталды арифметиканы толық меңгеріп шыға алады. Бұл арқылы перзентіңіз зерек болып өсіп, ойлау қабілеті тез дамиды. Ал, келесі бөлме – білім үйінің ең кішкентай келушілеріне арналған. Мұнда бір жастан бастап қабылдайды. Бөбегіңізді 1,5 сағатқа сеніп тапсыра аласыз. “Өзінше” білім үйі күніне 400 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы.

 

Акбопе Танирберген