Қоғам

“Жүнісов Б.Н.” жеке кәсіпкерлегі жылу блоктарын шығарады

Тоғжан Ақмағамбетова – тілші:

– Жылу блогын алу үшін мына қондырғыға пенопласт, құм және цемент салынады. Әп-сәтте дайын болған өнімді әбден кептіріп, құрылыста пайдалануға болады.

Арнайы білдекте 1-ақ минут ішінде дайын болатын құрылыс материалы 24 сағат бойы кептірілуі қажет. Бір блоктың салмағы 20 келіні құрайды.

Александр Собольев – “Жүнісов Б.Н.” ЖК директорының орынбасары:

– Аталмыш блоктар негізінен отандық шикізаттардан жасалады. Бүгіндері жылу блогтары халық арасында үлкен сұранысқа ие. Оған – осы өнімді сатып алушылардың жыл санап өсіп келе жатқаны дәлел.

Жалпы өндіріс ошағының қуаттылығы айына 10-15 мың дананы құрайды. Скандинавиялық технология бойынша жасалынатын дүние теріскейдің қытымыр аязына шыдас береді. Айта кетсек, жуырда Тайынша ауданындағы Ильечевка елді мекенінде бар жоғы 15-ақ күннің ішінде аталмыш құрылыс материалдарынан амбулаториялық орталық бой көтерген.

Боштай Жүнісов – “Жүнісов Б.Н.” ЖК директоры:

– Осы біз 3 жыл толық жұмыс жасап жатырмыз. Жылу блогымыздан өңірімізде осы уақыт ішінде 80-нен астам объекті жасалды.Сапасы өте жоғары. Құжаттары бәрі дұрыс. Тұрғындардың барлығы салып жатқан үйлерге тек разылықтарын айтуда. 07-19* Осы Қазақстандағы құрылыс реестріне ендік. Сертификаттары және құжаттары бәрі бар. Сапасы өте биік.

“Жүнісов” жеке кәсіпкерлігі жылу блоктарын әзірлеу технологияларымен еліміздің өзге өңірлерінен келген мамандармен бөлісіп, тәжірибе алмасуда.
Айта кеткен жөн, былтыр өндіріс ошағы сомасы 15 млн теңгені құрайтын 25 мың дана жылу блоктарын шығарған. Ал, биыл бұл көрсеткіш әлдеқайда өсіп отыр.

Тогжан Акмагамбетова