Көлік және жолдар

Өңірде ескі көліктерді утилизациялау жобасы қарқынды жүзеге асуда

Серік Бейсекеев – Мамлютка қаласының тұрғыны:

– Мен 1985 жылғы “Москвич” көлігін өткізбекпін. Жөндеу біраз қаражатты талап етеді. Сондықтан,тапсыруды жөн санадым.

Сондай-ақ, апатқа ұшырап, қайта қалыпқа келтіруге келмейтін автокөліктерді де тапсыруға болады. Ал, жағдайы жақсы, соңғы 15-20 жыл ішінде шығарылған машина иелеріне 315 мың теңгелік сертификат табысталады. Жүк көліктері үшін бұл сома 450 мыңнан 650 мыңға дейін жетеді. Бұны4 соманың үстіне қажетті қаржы қосып, кез келген отандық темір тұлпарды сатып алуға мүмкіндік бар.

Эльмира Сәдуақасова – тілші:

– Аталмыш бағдарлама аясында өткен жылдың қарашасынан бастап 1500-ден астам көлік утилизациялауға тапсырылған. Олардың басым бөлігі “Жигули”, “Москвич” пен “ВАЗ” машиналары. Қабылдау пунктіне әкелінген темір тұлпарларға қойылатын бірқатар талап та бар.

Көліктерді кәдеге жарату үшін оның қозғалтқышы, есіктері, жүксалғыш қақпағы, аккумулятор мен 4 дөңгелегі сынды басты бөлшектері болуы қажет.

Оразтай Абдрахманов – “Оператор РОП” ЖШС СҚО бойынша өкілі:

– Машинаны тапсыру үшін екі ғана құжат қажет. Ол көліктің есептен шығарылғаны жайында анықтама мен банк есепшоты. Кейін азамат call-центрге хабарласып, утилизация кезегіне тұрады.

Арнайы тұраққа әкелінген соң, машина пресстеледі. Кейін, оны Қарағанды облысына қайта өңдеу зауытына жібереді.

 

Эльмира Садвокасова