МТРА жаңалықтары

Биыл Муниципалды телеарнаға – 19 жыл

Ерлан Тоқшылық – «ҚР Журналистер Одағы» ҚБ СҚОФ директоры:

– Өңірде жаңалық тарататын арналардың ішінде МТРА-ның орны ерекше. Ұжымы да білікті мамандармен жасақталған. Мен бұл арнаған мол табыс тілеймін.

Жалпы Муниципалды телеарна тілшілерді даярлайтын жақсы мектеп ретінде де танымал. Біздің арнадан тәжірибе жинақтаған көптеген журналистер қазіргі таңда республикалық арналардың белді мүшелері болып жүр. Ұжымда негізінен жастар көп. Солардың бірі – Эльмира Сәдуақасова. Қазақ редакциясындағы ең жас тілші. Бұнда жұмыс істеп жүргеніне жарты жылдан асты. Ортаға тез сіңісіп кеттім дейді.

Эльмира Сәдуақасова – МТРА тілшісі:

– Басында келгенде жұмыс ауыр болатын. Ұжымдағы тілшілер маған бар істің қыр-сырын үйретті.

– Телевизиядағы жаңалықтардың бір сырын ашайын. Кей көрермендер эфирді жүргізетін дикторлар осыншама үлкен мәтінді күні бойы жаттап, тікелей көрсетілімде айтады деп ойлайды. Бірақ, телевизиядағы бір қулық – ол суфлер. Міне, осы қондырғының арқасында жаңалық жүргізушілері мәтінді жаңылыспай, жатқа айтқан секілді оқиды.

Жалпы “Жаңалықтар” бағдарламасына сюжет әзірлеуде ұжымдық еңбек басты рөлді атқарады. Тілші, бейнеоператор және бейнеинженер. Осы маман иелері сюжетті жасаудың негізі болып табылады. Арнадағы видеоинженерлердің бірі – Сахиб Велеев. Біздің ұжымға үш ай бұрын келген. Оның міндеті бейнеоператордың түсіріп алып келген кадрларын журналистің мәтініне сай қылып сюжет жасау. Монтаждаудың қыр-сырын 7 жыл бұрын меңгерген. Жұмыстың жеңілі де, ауыры да болады дейді ол.

Сахиб Велиев – МТРА бейнеоинженері:

– Эфирге 20 минут қалғанда сюжетті әзірлеу қажет болып жатады. Жедел түсірілімдерде кездеседі. Сол сәтте бейнеоператор оқиға орнындағы жағдайға байналысты кадрды дұрыс түсіре алмаған, камера селкілдеп тұратын жәйттер болады. Осындай қиын тұстарда біз оны көрермендер үшін әдемі жеткізе білуіміз керек.

Муниципалды телеарнада жаңалықтар тәулігіне екі рет тікелей эфирде шығады. Сағат 15-00-де және кешкі 8-де.

– Міне, біздің арнаның тілшілері кезекті эфирге сюжеттерді осындай жағдайларда жазады. Біреулер үшін бұндай шуда жұмыс істеу қиын болса, журналистердің еті бұған әбден үйренген. Төртінші билік өкілдері уақыт тығыз кезде қиналып, қарбаласта жасаған еңбектерін, өнімдерін өңір тұрғындары көреді ме? Көрермендер оны қалай бағалайды екен? Теріскейліктердің ойын білейік.

Иә, тұрғындардың берген бағасы “5”. Бірақ, бұнымен тоқтаудың қажеті жоқ. Жас арнаның болашағы әлі алда. 19 жылдық тарихы бар Муниципалды телеарна өз көрермендерін алдағы уақытта түрлі жаңашылдықтарымен қуантпақ. Сол себепті, бізбен бірге болыңыздар.

 

Риат Шони