Құқық қорғау органдары

ҚР Конституциясы күні қарсаңында өңір полицейлері түрлі марапаттарға ие болды

Бибігүл Абдульманова, СҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары:

– Еңбек жолымды 1996 жылы лейтенант шенінде бастадым. Міне, лауазымым көтеріліп, полковник атағына лайықты деп танылдым. Енді, маған жүктелген жауапкершілік бірнеше есе артты десе болады.

Осы күні облыстық ІІД жол-патрульдік полициясы взвод командирінің орынбасары Ерік Мұқанғалиев алғашқы офицерлік шенін алуда. Оның құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүргеніне 16 жыл болыпты.

Ерік Мұқанғалиев – СҚО ІІД ЖПП взвод командирінің орынбасары:

– Лейтенант алып жатқаныма қуаныштымын. Жұмысым өте қызықты. Өзіме қатты ұнайды. 30 адам қарамағымды қызмет етеді. Олардың жұмыс барысын қадағалаймын. Хаттамаларын тексеремін.

ҚР Конституциясы күні қарсаңында облыстық ІІД бастығы Берік Біләлов жалпы 60-қа жуық полиция қызметкерін марапаттады. Оларға түрлі наградалар табыс етілді. Еңбегі ескерусіз қалмаған бірқатар азамат “Ішкі істер органының үздігі” төс белгісін алса, кейбіреулері ІІМ құрмет грамотасына ие болды. Жиын соңы мерекелік концертке ұласып, ән мен биден шашу шашылды.

 

Тогжан Акмагамбетова