МТРА жаңалықтары

Өңір жетекшісі облыстық мәслихат депутаттары алдында 7 айдың қорытындысы бойынша есеп берді

Биылдан бастап облыс аумағындағы майлы дақылдар алқабының көлемі – 700 мың, жасымықтыкі 223 мың гектарға жеткізілді. Көктем айынан танап басында атқырылған агротехникалық ережелердің қатаң сақталуы өңір жетекшісінің ерекше бақылауында болды. Облысымызда барлығы 4 млн 222 мың гектар егістік алқабы бар болса, бүгінде соның 25 пайызындағы өнімді диқандар бастырып үлгеріпті.

Биыл Елбасы Н.Назарбаев әкімдіктерге жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуды міндеттеген болатын. Бұл тапсырма да өңірімізде ойдағыдай орындалуда деді Құмар Ақсақалов. Алдағы уақытта мал басын жаппай асылдандыруға ерекше екпін берілмек. Соңғы 7 айдың ішінде өңірімізде түлік саны 7 пайызға өсіпті.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Келешекте ауыл табындарындағы мүйізді ірі қара малдардың өнімділігін арттыруға басымдық беру керек. Енді сүтті және етті бағыттағы семинтал тұқымдарын көбейту міндеті тұр. Өйткені, елді мекенде тұратындар сүтті тапсырудан біраз көріп отыр. Болашақта жеке қосалқы шаруашылықтарда сүт өндірісін – 700 мың, етті 70 мың тоннаға дейін жеткізу межеленуде.

Құмар Ақсақалов денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерге тоқталып өтті. Облысымызда әлеуметтік маңызы бар ауру түрлерінің көрсеткіші төмендеп келеді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жыл басынан бері туберкулез ауруларының көрсеткіші 7 пайызға, онкологиялық аурулар – 10,3 пайызға, соңғы аталған дерттен болатын өлім-жітім көрсеткіші 13,5 пайызға кеміді.

Логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі. Биыл облыс орталығында бұрын-соңды болмаған ауқымды аббатандыру шаралары жүргізілуде. Осы жылы Петропавлда жалпы ұзындығы – 37 км, келесі жылы да сонша шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Петропавл қаласы бойынша жалпы ұзындығы 400 км жол бар. Тең жартысында асфальт жоқ. Биыл 38 шақырымына қиыршық тас төселді. Қазіргі таңда негізгі көшелердегі бағаналарға жарық диодты шамдары орнатылуда. Осылайша, біз жарықтандыруға бөлінетін қаражаттың 50 пайызын үнемдейміз.

Үстіміздегі жылы облыс бойынша жергілікті маңызы бар 547 шақырым жол қалпына келтірілмек. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 7 есеге көп.

Берік Қасен