МТРА жаңалықтары

Жыл басынан 25 солтүстікқазақстандық суға кеткен

Құтқарушылар мен тәртіп сақшыларынан құрылған арнайы топ жағалауда демалушыларға жадынама парақшаларын таратып, түсіндіру жұмыстарын өткізуде.

–  У нас есть два официальных пляжа где можно загарать и купаться. Это городско пляж и озеро Пестрое.

Қала тұрғыны Татьяна Бочагова Борки кентіндегі жабайы жағажайға қызымен бірге келіпті.

Татьяна Бочагова – қала тұрғыны:

 


– Белгіленбеген жерлерде суға шомылуға болмайтынын білеміз. Су қоймасы біздің үйіміздің маңында орналасқандықтан, алысқа ұзамай осы маңда демалуды жөн көрдік.

Осы күні петропавлдық құтқарушылар 3 аумақты басты назарға алаған.

Булатжан Асқарбеков – СҚО ТЖД бөлім бастығы:


–  Бүгін бізде 3 арнайы топ жасақталды. Олар негізінен “Борки”, “Заречный” кенттері және “Вороний остров” аймақтарында жүреді. Өйткені, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі аталған аудандарда орын алып жатады. Осыған ұқсас шаралар облыс аумағында өткізілуде.

Жыл басынан 25 солтүстікқазақстандық суға кеткен. 5-уі бала. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, адамдар көп жағдайда тыйым салынған жерлерде шомылған.

Тогжан Акмагамбетова