Спорт

СҚО мәдениет күндері аясында Астанада спорттық шаралар ұйымдастырылды

Есенғали Сәулембеков – Ұлттық спорт түрлері бойынша БЖСМ мектебінің жаттықтырушысы, СҚО:

 

– Палуандар арасында жеңіске жеткен адам 150 мың теңге иегері атанады. Екінші орынға 100 мың, ал үздік үштікті тұйықтаған спортшыға 50 мың теңге беріледі.

Ал, “Қағанат” ипподромында солтүстікқазақстандық шабандоздар өз көрермендерін шеберліктерімен таң қалдырды. Бірі қыз қууда сыналып, арудың бетінен сүйсе, енді бірі садақ атып, мергендіктерін көрсетті.

Италиялық Барточчонилер отбасы Қазақстанға жақында ғана келген. Жұмыс бабымен Филиппо мен Михаэллоның жанұясы енді Астанада 3 жыл тұрақтайтын болды. Қазір олар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысуда. Сол себепті, олар солтүстікқазақстандықтардың өнерін көру үшін арнайы ипподромға соққан. Шетелдік жұптың айтуынша, олар бұрын-соңды ат құлағында ойнаған қыздарды көрмеген.

Филиппо Барточчони – Италия елінің азаматы:

 


–  Астанаға жақында ғана келдік. Әрине, ең алдымен “Экспо” көрмесін тамашаладық. Қазақстандық павильонды аралап, осы ел жайлы мағлұмат алдым. Енді міне, сіздердің салт-дәстүрлеріңіз бен ұлттық ойындарыңызды көрдік. Өте керемет. Бұл жерде отырып үлкен әсер алдық. Маған ұнағаны, қазақ халқының қонақжайлығы.

Бұдан кейін, өңір шабандоздары ақмолалықтармен көкпар тартысып, өзара мықтыны анықтады.

Айгерім Ержанова