Балалар

Петропавлда облыстық жазғы кубок үшін дебаттан ашық турнир өтті

Күнсұлу Ілкенова – “Қоғамдық келісім” КММ бөлім басшысы:


–  Бүгінгі турнирге қаланың дебат клубтары мен Бескөл ауылының пікір сайысшылары қатысуға ниет танытты. Олар Британдық Парламенттік формат бойынша сынасады. Яғни, бірден 4 команда ортаға шығып өз көзқарастарын қорғайды. Бұл жарыс Конституция күні қарсаңында өтіп жатқандықтан Ата-заң, адам құқығы жайы да сөз етілмек.

Турнирде екі лига. Қазақ және орыс тілді. Алғашқысында “Император”, “Ақиқат” және “Креатив” командалары бақ сынасуда. Берілген ортақ резолюция “Рухани жағынан дамымаған елдің болашағы жоқ”. Үкімет жағында кілең ұлдар бұл пікірмен келіспейді. Ал олардың оппоненттері тек қыздардан құралған құрамалар. Солардың бірі “Креатив” командасының спикері Гүлзат Кощугулова. Ол бүгін жабушы оппозицияның екінші спикері. Оған жүктелген міндет өткен ойынға толық сараптама жасау.

Студент қыздың пікір сайыспен айналысып жүргеніне 5 жыл болыпты. Түрлі дәрежедегі турнирлерге де қатысқан. Бүгінгі ойын оңай емес дейді ол.

Гүлзат Кощугулова – “Креатив” командасының спикері:


–  Бәз “әл-Фараби” мектеп-лицейі, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына қарсы ойын өткіздік. Олар мектеп лигасы үшін мықты ойын өрнегін көрсетті.

Облыстық ашық турнирге екі лиганы қоса есептегенде 6 команда қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығы диплом, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұдан бөлек үздік спикерлер қошеметке бөленді.

 

Риат Шони