Білім

Облыс орталығында “Жаңа толқын” атты әдістемелік семинар өтті

Бүгінгі семинарда ол әріптестерімен “Эссе жазуды жетілдіру” тақырыбындағы ізденістерімен бөліспек. Мұғалімнің сөзінше, бұл оқушылар үшін біршама қиындық тудырады екен. Сондықтан, нәзікжанды екі жыл бойы осы тақырыпты зерттеп, нұсқаулық жасаған.

Айнұр Қалиева – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі:

– Бүгін шеберлік сыныпта эссе жазуды жетілдіру жолдарын ортаға салмақпын. Яғни, оқушыларға белгілі ір нұсқаулық береміз. Кейін олар кіріспе, негізгі бөлім және қорытындысын әдістемелік құрал бойынша жазып шығады.

Семинар барысында Павлодар және Қызылорда облыстарының мұғалімдері де өз тәжірибелерімен алмасты. Ұстаздар үшін республика көлемінде өткізілетін осындай шаралардың маңызы зор.

Алима Қабденова – “Өрлеу” БАҰО АҚФ СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің БАИ деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері:


– Шара мақсаты-мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыру және шығармашыл педагогтердің қолдау. Сондай-ақ, инновациялық әдістер мен оқыту түрлерін таратуда тәжірибе алмасу үшін ашық диалог алаңын құру.

“Жаңа толқын” республикалық әдістемелік шеберханасы 2013 жылдан бері ғаламтор желісі арқылы қашықтықтан өткізіліп келеді. Үстіміздегі жылы шараға “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 17 филиалы қатысуда.

Эльмира Садвокасова